«Астана Арландары» сапындағы Нұрдәулет Жарманов шаршы алаңда осал боксшы емес екенін дәлелдеді. Дегенмен, кубалық боксшы өзінің тәжірибелілігінің арқасында жақсы жекпе-жек мәнерін көрсете білді. Айқас қорытындысында үш төрешінің үшеуі де кубалыққа басымдық берді.
Дәл қазір 91 келі салмақтағы Иван Дычко мен Йоханди Тойрак Ортега арасында жекпе-жек өтуде. Осы кездесу ақтық айқастың тағдырын да шешуі ықтимал. Әзірше жалпы командалар арасындағы есеп 5:4, «Астана арландары» алда келеді.