WSB финалы: «Астана арландары» алғашқы ұпайды олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бойынша «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы чемпиондық атақ үшін ақтық айқастың шымылдығын ашқан 49 келі салмақ дәрежесіндегі жерлесіміз Теміртас Жүсіпов Йоанис Оскар Аргилагос Перестен айласын асырды.

Шаршы алаңда бес раунд бойы қарсыласының адымын аштырмаған Теміртас Жүсіповке төрт төреші де бірауыздан жеңісті берді. Осылайша, 50-45 есебімен кубалық қарсыласын бет қаратпай ұтқан Теміртас Жүсіпов «Астана арландары» командасын алға шығарды. Жерлесіміз Азия чемпионы екені белгілі.

Екінші кездесу 56 келі салмақ дәрежесінже Қайрат Ералиев пен Энди Робейси Элой Рамирес арасында өтуде.

Еске сала кетейік, бүгін боксшылар бес салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жекке шығады.