АСТАНА. ҚазАқпарат - WSB сериясы аясында өтіп жатқан "Астана арландары" мен "Куба Домадорес» командасы арасындағы финалдық кездесудің екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі жекпе-жекте шаршы алаңға екінші болып шыққан "арланымыз" Закир Сафиуллин (60 келі) қарсыласына жол берді. Ол Лазаро Альварезбен жұдырықтасып, ұтылып қалды. Осылайша бостандық аралының өкілдері таразы басын өздеріне бұрып, 4:3 есебімен алға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 52 келі салмақта ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов есепті теңестірген еді.
Енді, алда әлі үш кездесу бар. Жарыс Қытайдың Сямын қаласында өтіп жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.