WSB маусымында «Astana Arlans» бірінші рет тізе бүкті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бергамодағы Әлемдік бокс сериясы бойынша өткен матчтық кездесуде «Astana Arlans» «Italia Thunder» командасына 2:3 ұпай санымен есе жіберді, деп хабарлады Sports.kz.

Нақтырақ айтқанда, Мирас Жақыпов (52 келі) Гаурава Бидхуриден 1:2 есебімен ұтылса, Роман Шегринов (60 келі) Донато Козенцадан (0:3) жеңілді. Дегенмен, Асылан Шымбергенов Адам Патрик Ноланды 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, Хрвое Сеп (91 келі) Валентино Манфредоньяның соққысына төтеп бере алмады, есеп - 0:3. Айта кету керек, бұл - «Астана арландарының» 13 жеңісінен кейінгі бірінші жеңілісі.