Тест бір рет қана өткізіледі және оны ауыз қуысының жағындысын алу немесе қан талдауы арқылы тапсыруға болады.
Егер SRY геніне жүргізілген тест оң нәтиже көрсетсе, спортшы қосымша медициналық тексеруден өтеді. Бұл ген ағзаның ер адамға тән белгілер бойынша дамуына байланысты.
WTA-ның 2024 жылы жаңартылған бұрынғы ережесіне сәйкес, әйел гендерлік сәйкестігін мәлімдеген және жарыс басталғанға дейін кемінде екі жыл бойы тестостерон деңгейін белгіленген шектен төмен ұстап келген трансгендер әйелдердің жарысқа қатысуына рұқсат етілетін.
– Спортшыларды тексеру 2026 жылы басталады. Процесс құпиялылық пен дербес деректерді қорғау талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Сонымен қатар спортшылармен түсіндіру жұмыстары қатар ұйымдастырылады. WTA бұл мәселенің күрделі әрі сезімтал екенін түсінеді және жаңа саясатты барлық спортшының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтей отырып іске асырады, – деді ұйым өкілі.
Қазіргі уақытта WTA турнирлеріне қатысып жүрген трансгендер әйел спортшылар жоқ екені атап өтілді.
Соңғы жылдары осындай генетикалық тестілеуді Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы мен Дүниежүзілік бокс федерациясы сияқты бірқатар халықаралық спорт ұйымдары да енгізген.
Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасындағы жарыстарға биологиялық жынысы бір реттік тест арқылы расталған әйел спортшылар ғана қатыстырылатынын мәлімдеген болатын.
Осыған дейін ФИФА-ның әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64-ке дейін арттыруды қарастыруы мүмкін екендігі туралы жаздық.