WTA: Қазақстанның теннисші қыздарының рейтингі белгілі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингтің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтинг басындағы үздік үштік өзгерген жоқ:бірінші орында жапон спортшысы Наоми Осака, екінші орында аустралиялық ЭшлиБарти тұр. Олардың ізін ала чех Каролина Плишкова келеді.

Қазақстан өкілдерінен: Юлия Путинцева үш сатыжоғарылап 39-орынға табан тіресе, Елена Рыбакина үш позиция төмен сырғып, 67-орынғатүсті. Зарина Дияс та үш саты жоғарылады, енді ол 77-орында.

Жұптық сында Галина Воскобоева 40-орында тұр, олбұрын 41-сатыда еді. Анна Данилина — 144-орында (141).

Соңғы жаңалықтар