WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина – Арина Соболенко матчы кейінге қалдырылды
Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде ауа райына байланысты Елена Рыбакина мен Арина Соболенконың матчы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kazinform.
Дүниежүзілік рейтингте 4-орында тұрған қазақстандық теннисші Бакалар тобындағы соңғы, үшінші кездесуінде әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен шеберлік байқасты.
Жаңбырға байланысты үзіліс болған бірінші партияда А.Соболенко айқын басымдылық көрсетті – 6:2.
Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасай алды – 5:3. Бұдан кейін матч жаңбырға байланысты екінші рет тоқтатылды.
Ақыры ойын келесі күнге, 4 қарашаға ауыстырылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
WTA қорытынды турнирінде Елена Рыбакинаның тобында жеңімпаз анықталды.