Жекелей сында польшалық теннисші Ига Швентек бұрынғыша көш бастаса, Белорусь өкілі Арина Соболенко екінші орында тұр.
Кеше Брисбен WTA 500 турнирінің чемпионы атанған қазақстандық Елена Рыбакина 6 811 ұпаймен америкалық Кори Гауфты (6 660 ұпай) артқа тастап, үшінші сатыға көтерілді.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 63-тен 64-ке төмен сырғыды.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 жарысында үздік шыққаннан кейін 54-тен бірден 44-орынға көтерілді. Оның сол жарыста бірге өнер көрсеткен жұбы, словакиялық Виктория Грунчакова 84-тен 73-ке жоғарылады.
Рыбакина жұптық сын рейтингісінде 124-тен 125-ке, Жібек Құламбаева 143-тен 144-ке төмендеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның байырғы қарсыласын жеңіп, Брисбен турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыста жеңіс тұғырына көтерілді.
Рыбакинаның Аустралиядағы турнирде кіммен кездесетіні де белгілі болды.