АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше Зарина Жапония астанасы Токиода өткен «Japan Women's Open Tennis» халықаралық турнирінде бас жүлдені жеңіп алған болатын. Бұл оның WTA санатындағы турнирде алғаш рет топ жаруы. Финалда отандасымыз жапон теннисшісі Миа Катоны 6:2, 7:5 есебімен жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, Зарина Дияс осыған дейін фейсбуктегі парақшасында жеңісті сәті түсірілген видеоны жұртпен бөліскен болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.