Әлемнің үздік теннисшілерінің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды. Рейтингтегі бірінші ракетка испандық Гарбинье Мугурусадан кейін румындық Симона Халеп орналасқан. Үшінші орын бұрынғысынша украиндық Элина Свитолинаға тиесілі.
Қазақстандық Юлия Путинцева 48-інші орыннан 47-ге жылжып, бір сатыға алға ілгеріледі. Зарина Диас кері сырғып, рейтингісін 62-орыннан 63-ке төмендеді. Ярослава Шведова 28-орынан құлап, қазір 151-орынға тұрақтады. Жұптық кезеңде де Шведова 26-орынға төмендеді.