WTA жаңартылған рейтингісіндегі Қазақстандық теннисшілердің орны анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында спортшылардың жаңартылған рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Үздік «үштік» өзгеріссіз қалды: тізімде поляк Ига Свитек көш бастап тұр, Тунис теннисшісі Онс Джабер екінші орында, ал америкалық Джессика Пегула үшінші орында жайғасты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әзірге 22-орында. Юлия Путинцева бір сатыға төмен түсіп, 54-ші болды.

Жұптық сайыста Катерина Синякова (Чехия), америкалық Коко Гауфф және жоғарыда аталған Пегула үздік деп танылды.

Қазақстандық әйелдер арасындағы жұптық рейтингінің көшбасшысы Анна Данилина 12-ші орынды сақтап қалды. Жібек Құламбаева 20 сатыға төмен түсіп, 205-ші болды. Путинцева 316-шы орында ( 7), Рыбакина 12 жолды артқа тастап, 443-ші орыннан көрінді.




Фото: sports.kz