Түске дейін Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайына сәуірдегі келісімшартпен баға белгіленуі 0,7 пайызға - бір баррель үшін 32,96 долларға дейін өскен.
Осы кезде Нью-Йорктегі сауда биржасының электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы жеткізілуімен баға белгіленуі 0,8 пайызға өсіп - бір баррель үшін 30,12 долларға жетті.
Кеше сейсенбі күні Brent мұнайы 4,4 пайызға, WTI - 5,5 пайызға арзандаған. 1-2 ақпан күндері WTI бағасы 11 пайызға құлдырап алты жылдағы еі төменгі көрсеткіште болды.