«Жұмыспен қамту туралы хабар үміт отын жаққандай болды, - деді Again Capital LLC қорының қызметкері Джон Килдаф. - Еңбекақы төлеудегі өзгерістер энерготасығыштарға, әсіресе бензинге сұранысқа елеулі әсер етеді».
АҚШ еңбек министрлігінің деректері бойынша, сәуірде елдегі жұмыс орнының саны 223 мыңға артып, жұмыссыздық 5,4 пайызға төмендеді. Бұл 2008 жылғы мамырдан бергі ең төмен көрсеткіш. Орташа сағаттық еңбекақы сәуірде 3 центке, 24,87 долларға дейін өскен.