WTI мұнайы соңғы екі жылдағы бағасына көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WTI маркалы мұнай бағасы 2015 жылдың 30 маусымынан бері алғаш рет бір баррелі үшін 59 доллардан асты. Бұл баға Keystone құбыр желісінің жабылуы салдарынан АҚШ қорының азаюына жасалып отырған болжамдар негізінде қалыптасты, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар агенттігі.

«Мәскеу уақытымен сағат 21.49-дағы жағдай бойынша Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының қаңтар айындағы фьючерсі 0,5 пайызға өсіп, 63,87 долларға дейін жетті. Ал WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 1,64 пайызға қымбаттап, 58,97 долларға көтерілді.

Бұған дейін WTI маркасы баррелі үшін 59,03 долларға саудаланған болатын.