Алтыншы сауд королі Абдалла 91 жасында өмірден озды. Таққа оның бауыры Салман отырды.
Нью-Йорк биржасында жеңіл WTI мұнай баррелінің құны 2,38%, немесе 1,10 доллардан - 47,41 долларға дейін қымбаттады, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.
Ал Brent маркілі мұнайдың бір баррелінің бағасы 51 центке (1,04%) арзандап, 48,52 долларды құрады.
Ассошиэйтед Пресс сауалына қатысқан сарапшылар сауд елінің мұнай министрі Әли әл-Наими тағы бірнеше ай өз қызметінде қалса, елдің мұнай саясаты өзгеріссіз қалатынын айтты.