Жұма күні мұнай бағалары өсіп жатыр. Brent және WTI маркалы мұнайдың бір баррелі үшін баға 31 доллар көрсеткішке оралды. Мұны биржа саудасының мәліметтерінен көруге болады.
Сағат 12:20-дағы жағдай бойынша солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнай қоспасының наурыздағы фьючерстерінің бағасы 4,41 пайызға - бір баррель үшін 30,91 долларға өскен. WTI маркалы мұнай қоспасының наурыздағы фьючерстерінің бағасы 4,49 пайызға өсті - бір баррель үшін баға 30,85 долларға дейін жеткен. Бұл ретте бұған дейінгі сауда барысында екі эталонның да бағасы бір баррель үшін 31 доллар болған.