WWF: Жыл сайын әлемде 13 миллион гектар орман-тоғай жойылады екен

АСТАНА.  Қазанның   23-і. ҚазАқпарат -   Тұмса  табиғаттың   дүниежүзілік  қоры (WWF)     экологиялық жағдайға қатысты кезекті баяндамасын жария етті.

Қор  сарапшыларының     хабарлауынша,    ғаламшарда  жыл сайын шамамен 13 миллион гектардай  орман-тоғай  жойылады.   

 Баяндама авторлары  әлем елдерінің басшыларын 2010 жылдан бастап   ормандардың жойылуын   толық тоқтатуға қол жеткізуге   үндеп  отыр.    Бұл дегеніміз,   ағаштарды кесумен  қатар    көшеттер  отырғызу жөніндегі бағдарлама  да  жеткілікті  деңгейде  іске асырылатын болады деген   сөз,  деп жазады argumenti.ru  сайты.