www.egov.kz «AWARD.kz» сыйлығының екі аталымы бойынша үздік атанды
16:48, 04 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz порталы «AWARD.kz» сыйлығының 10-шы мерейтойлық салтанатында
«Билік органдары және өзін-өзі басқару» аталымында 1-орнын иеленді, сонымен қатар 2012 жылғы ең үздік екі тілді қазақстандық интернет-ресурс атағын жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Билік органдары және өзін-өзі басқару» номинациясының екінші орны Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz. сайтына берілді.
Байқауға ұсынылған сайттарды халықаралық сарапшылардан, сайттарды әзірлеумен және ілгерілетумен айналысатын қазақстандық мамандардан құралған құзырлы төрешілер алқасы бағалады.
Байқау туралы толығырақ www.award.kz интернет-премиясының ресми сайтынан білуге болады.