www.egov.kz порталы арқылы қазақстандықтар азаматтың әрекетсіз заңды тұлғаның қатысушысы болғаны-болмағанын тексере алады

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - www.egov.kz порталы арқылы қазақстандықтар жеке тұлғаның (сондай-ақ, заңды тұлғаның) әрекетсіз заңды тұлғаның қатысушысы болғаны-болмағанын тексере алады. Мұндай ақпарат заңды тұлғаны тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде керек.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ақпаратты алу үшін қолданушыға «электрондық үкіметтің» порталында тіркеліп, авторландырудан өту, содан кейін - «Электрондық қызмет көрсетулер» бөлімін таңдау керек. Содан кейін ҚР Әділет министрлігінің желісі бойынша ұсынылып отырған е-қызметтердің тізімінен «Әрекетсіз заңды тұлғаларға қатыстылықты тексеру» қызметін таңдау қажет. Содан кейін қолданушы тексеріліп отырған жеке немесе заңды тұлғаның СТН-ін енгізіп, өзінің онлайн-өтінімін жіберу керек.

Қызмет көрсету уақыты 30 минуттан аспайды. Сауал нәтижесі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде шығарылады.

Егер заңды немесе жеке тұлға әрекетсіз заңды тұлғаларға қатыспаса, өтінім беруші сәйкестендірілген хабарлама алады.

Егер әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысу анықталса, қолданушы PDF форматындағы е-анықтамасын алады. Оны электрондық түрде сақтауға немесе қағазға шығаруға болады.

Қызметтің бұл түрі тегін. Оған қоса, оны алу үшін электрондық сандық қолтаңба қажет емес. Бұл қызмет туралы https://3cm.kz/b0d7b сілтемесі арқылы жақынырақ таныса аласыз.

Бүгінде «электрондық үкіметтің» порталында 2000-нан астам ақпараттық, сондай-ақ 219 интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетулер ұсынылған.