ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліметінше, сайтта Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы, сондай-ақ, осы ұйымға кіру жөніндегі Қазақстанның келіссөздерінің барысы жайлы өзекті және тиянақты ақпарат ұсынылатын болады. Порталдағы ақпарат екі негізгі блокта берілген. Алғашқы бөлім ұйым туралы мәліметтерді, оның келісімдері мен жұмыс жүйесін қамтыса, екіншісінде - келіссөздер жүргізіліп жатқан бағыттар, келіссөздердің ағымдағы жағдайлары көрсетіледі.
Ақпаратпен ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қамтамасыз етеді.
Интернет-ресурсты пайдаланушылар тиісті тақырыптар бойынша мамандарға сұрақ қойып, тыңғылықты консультация ала алады.