X Factor-дың жеңімпазы Sony Music-пен келісімшартқа отырды

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 6 мамыр күні Алматыда X Factor байқауының екінші кезеңінің ақтық сайысы аяқталды.

2012 жылдың жеңімпазы Теміртау қаласының тұрғыны Андрей Тихонов болды.

Өткен маусымдағы жоспар бойынша қатысушыларды іріктеу көрермендердің дауыс беру кезеңіне дейін әлдеқайда ертерек жүргізілді. Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева, продюсер Александр Шевченко және елдегі «Русское Радио Азия» радиостансысының бас директоры Исмаил Игильманов елдің түкпір-түкпірінен келген жүздеген үміткерді тыңдап шықты.

Финал барысында шоу жеңімпазы қазылар алқасының бағалауы және көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталды. Енді Андрей Тихоновтың шоу-бизнестегі жұмысын Қазақстанда, Ресейде және Еуропада алға жылжытумен Sony Music компаниясы айналысатын болады.

Музыкант өзінің дебютті синглін әзірлеуге кірісіп те кетті, бұл оның Sony Music-пен келісімшарты аясындағы алғашқы еңбегі болады.