Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында аталмыш шараның ұйымдастырушылары мәлім етті.
«Шара «Ретро шлягер» клубында өтеді. Наурыз мерекесіне арналған концертімізге 250-ден аса мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды. Біздің жобамызды Алматы интернационалдық әйелдер клубы, бизнес өкілдері және клубтың иесі, әнші Ерлан Көкеев қолдады», - деді X Factor жобасының баспасөз хатшысы Наталья Слуцкая.