Есту қабілеті төмен спортшылар арасында өтетін байрақты бәсекеде 34 елден 506 спортшы (377 ер, 129 әйел) бақ сынайды.
Төрт жылдықтың басты додасында спортшылар шайбалы хоккей, сноуборд, шаңғымен жүгіру, тау шаңғысы, керлинг және шахмат сынды 6 спорт түрінен жүлдеге таласады. Апеннин түбегінде Қазақстан атынан шайбалы хоккей, шаңғымен жүгіру сноуборд, шахматтан 40 спортшы сынға түседі.