XVII Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас сыйлығы - Президент кубогін 15 жастағы композитор Р.Әбдісағин жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің жеңімпаздарын атады. Бас сыйлық -Қазақстан Республикасы Президентінің кубогін 15 жастағы композитор Рахат би Әбдісағин жеңіп алды.

«Айта кету керек, Рахат би Әбдісағин «Шабыт» фестиваліне қатысушы ең жас өнерпаз», дейді ұйымдастырушылар. Еске сала кетейік, Фестиваль 2014 жылдың 3 мен 8 қараша аралығында Астанада өтті. Биылғы «Шабыт» XVII Халықаралық өнерлі жастар фестивалінің ерекшелігі ұйымдастырушы комитетінің шешімі бойынша, «Ұлттық музыка» және «Камералық хор» номинациялары қосылды.