Сенбіге қарай түнде болған бұл оқиға жайында француздық «Europa 1» радиостансасы хабарлады.
Ішінара қонақүйге айналдырылған бұл қамал Францияның оңтүстік-батыс жағындағы Ло және Гаронна департаментінің Кастелькюлье коммунасында орналасқан болатын. Өрт 700 шаршы метр аумақты шарпыды.
Оқиға әйелдің жүйке күйзелісіне ұшырауы себебінен болған, бұл жөнінде ол жандармдарға өз әрекетін мойындады. Қазіргі кезде ол жүйке аурулары емханасына жатқызылды