XXX қысқы Универсиада ойындары өтетін қала белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - XXX қысқы Универсиада ойындары өтетін қала белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылы өтетін XXX қысқы Универсиада ойындары Швейцарияның Люцерн қаласында 21-31 қаңтар аралығына өтетін болып бекіді.

Бұл туралы Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU) хабарлады. Швейцарияда  Универсиада ойындары соңғы рет 1962 жылы өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада ойындары үстіміздегі жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өткізілген болатын. Оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысты. Жалпы есепте отандастарымыз 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медальмен ресейден кейінгі екінші орынға табан тіреген еді.

Ал 2019 жылғы қысқы Универсиада ойындары Ресейдің Красноярск қаласында 2-12 наурыз аралығында өтеді.