Ол Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динара Нөкетаеваның бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Олимпиадада оқушылар - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы сияқты 7 пән бойынша өзара сайысқа түседі. Мақсат - мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу, дарынды жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына көмектесу арқылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға тарту болып табылады.
«Қыздар университеті» медиаорталығының хабарлауынша, олимпиада барлық жерде бір уақытта (12.00-15.00 аралығында) өтеді. Атап айтқанда Алматы, Талдықорған, Жаркент, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Қазалы, Қармақшы, Өскемен қалалары мен Алматы облысының Кеген, Жамбыл облысының Қордай, Қызылорда облысының Жаңақорған аудандарында болады. Онда әрбір пән бойынша 1-3 орын алған оқушылар таңдаған пәні мамандығына сай келген және Ұлттық бірыңғай тестілеуде қажетті өту балын алған жағдайда шәкіртақысыз университет ректорының грантына ие болады. Ал жүлделі орыннан тыс қалғанмен, Олимпиаданың деңгейінен өткендерге оқу орны бірінші кезекте қабылдануға құқық беретін сертификаттар табыс етіп, оқуға түсуге түрлі жеңілдіктер жасалады.