Ясир Арафатты еске алу шарасы Газада 2007 жылдан бері өткізлген жоқ. Өйткені, сол кезде жиналған ФАТХ партиясының 6 адамы ХАМАС-пен қақтығыс кезінде өлтірілген болатын.
22:26, 09 Қараша 2014
Я.Арафаттың қайтыс болғанына 10 жыл толғанына байланысты ұйымдастырылатын шаралар тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ясир Арафат негізін қалаған «ФАТХ» партиясының өкілдері алдағы сейсенбі күні жоспарланған Арафатты еске алуға арналған іс-шаралар өтпейтінін хабарлады. Өйткені, Газа секторында белсенді «ХАМАС» партиясы шара барысында қатысушылардың қауіпсіздігіне жауап бере алмайтындықтарын мәлімдеді, деп хабарлады ВВС.