Я.Шведова Индиан-Уэллсте жұптық разрядтың жартылай финалына шықты
09:17, 16 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Индиан-Уэллсте BNP Paribas Open хардтық теннис турнирінде шешіші ойындар өтуде, деп хабарлады Sports.kz.
Әйелдер жұптық разрядының ширек финалында Ярослава Шведова (Қазақстан) және Тимеа Бабош (Венгрия) құрамындағы интернационалдық дуэт супер тай-брейкте 5:7, 6:4, 10:3 есебімен словяндық жұп Андреа Клепач / Катарина Среботникті жеңіп, жарыстың жартылай финалына шықты.