АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова американдық Вания Кингпен жұптасып, Жапонияда өтіп жатқан HP Open халықаралық турнирінің финалында ұтылды,
деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Ширек финалда олар Елена Данилиду мен Манди Минелла жұбын 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда американдық жұп Рэгил Копс-Джонс пен Абигэйл Сперстен басым түскенімен ақтық сында жапондық-қытайлық жұп Кимико Дате-Крумм мен Шуай Жангке үш сетте 5:7, 6:3, 9:11 есебімен есе жіберді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.