25-30 қазан күндері Ыстамбұл қаласында өтетін Әйелдер теннисі қауымдастығының қорытынды турниріне қатысатын барлық жұптар белгілі болды. Қазақстан теннисшісі Ярослава Шведова американдық Вания Кингпен бірге аталған байрақты бәсекеге жолдама ұтып алды. Ағымдағы маусымда олар Цинциннатиде өткен WTA турнирінде жеңімпаз болып, US OPEN жарысында ақтық сынға дейін жеткен болатын. Ыстамбұл турнирі аясында өнер көрсететін теннисшілер: Хисела Дулко/Флавиа Пеннетта, Квета Пешке/Катарина Среботник, Лиза Рэймонд/Лизель Хубер.
Жыл қорытындысы бойынша маусымның үздік теннисшілері бақ сынайтын жыл сайынғы халықаралық турнир ағымдағы жылы Түркия астанасында өтеді. Оның жүлде қоры 4,9 млн. АҚШ долларына тең. Өткен жылы Дохада өткен қорытынды турнирде Аргентина-Италия жұбы Хисела Дулко мен Флавия Пеннета жеңімпаз атанған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, WTA рейтингінде Ярослава Шведова мен Вания Кинг 8 орында тұр.