10:45, 20 Мамыр 2009
Ядролық қаруды ұлттық қорғаныс құралына айналдыруға қарсымыз- «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының президенті
АЛМАТЫ. Мамырдың 20-cы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз ядролық қаруды ұлттық қорғаныс құралына айналдыруға қарсымыз.
«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменов Алматыда өткен «ХХІ ? ядросыз ғасыр» деп аталатын халықаралық конференцияда осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бұл қозғалысты біз болашақ ұрпақтың қамы үшін құрдық. Өйткені ядролық сынақ алаңдарындағы жарылыстың зардабы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын үлкен зұлмат әкелді. Сондықтан оны дер кезінде тоқтату керек болды. Қазір әлемдегі барлық ядролық сынақ алаңдары жабылды. Алайда ядролық қару қаупі әлі сейілген жоқ», - дейді Олжас Омарұлы. «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы президентінің айтуынша, олар ядролық қаруды ұлттық қорғаныс құралына айналдыруға түбегейлі қарсы. Өйткені бұл идея өзге елдердің де ядролық қаруды иеленуге ұмтылуына түрткі болуда. Сондықтан бүкіл әлем жұртшылығы оған тосқауыл қою үшін күш біріктіріп, ауызбіршілікке келуі керек.