Ядролық қаруға ие державалар ядролық қарусыздануда үлгі көрсетулері керек- Н.Назарбаев

None
Ю-ЙОРК. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Ядролық қаруға ие державалар ядролық қарусыздануда үлгі көрсетулері керек. Қазақстан Президенті БҰҰ-ның штаб-пәтеріндегі брифингте осындай мәлімдеме жасады.

«Ертең мен ядролық қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі отырысқа және алдағы жылғы наурыз айында өтетін Сеул форумына қатысамын. Өткен жылы бұндай форум Вашингтонда болды. Бізді сөзі өтімді мемлекет ретінде шақырады, өйткені біз қарусыз әлем үшін күресетіндігімізді іс жүзінде дәлелдедік. Бұл үшін ең бірінші кезекте ядролық мемлекеттердің жігері керек, олар "біз ядролық мемлекет боламыз, оны жетілдіреміз, ал қалғандарына тыйым салынады" деп айтпаулары керек. Бұл симметриялық емес, бұл әділдік емес. Сондықтан ядролық мемлекеттер ядролық қарусызданудың үлгісін көрсетулері керек»,-деді Н.Назарбаев.