Ядролық сынақтар өткізуге ерікті мораторий ЯСБҚК-ға балама бола алмайды - Е.Қазыханов
14:01, 24 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ядролық сынақтар өткізуге ерікті мораторий өте маңызды фактор, бірақ ол ЯСБҚК секілді заңды міндеттелетін құжатқа балама бола алмайды.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов 23 қыркүйекте Нью-Йоркте өткізілген ядролық сынақтарға бәрін қамту туралы келісімнің күшіне енуге қолдау көрсету туралы конференция кезінде мәлімдеді.
Министрдің конференция барысында сөйлеген сөзінің толық мәтіні ҚР СІМ ресми сайтында жарияланған.