Сервистік акция 2006-2012 жылдары шығарылған 75 мыңға жуық жол талғамайтын көлікке қатысты. Бұл көліктердің тежегіш сұйықтығының ағып кету қаупі бар. Бұл күрделі проблема болып табылады, себебі сұйықтықтың жетіспеуі тежегіш жүйесінің толық істен шығауына әкеліп соқтыра алады, деп хабарлайды ТАСС.
Бұдан басқа, дәл осындай ақау салдарынан 2013, 2014 жылдары шығарылған 25 мыңға жуық Range Rover және Range Rover Sport көліктері қайтарылмақшы. 2012-2015 жылдары шығарылған тағы 5 мыңға жуық Jaguar XK көліктерінде бұру белгісін білдіретін шырақтың ақауы анықталды.
Концерн қайтарылатын барлық көліктердің анықталған ақауларын тегін жөндеп береді.