Yahoo! компаниясының директорын жұмыстан шығарғаны үшін 100 млн. доллар төленбек

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Yahoo! компаниясының бас операциялық директоры Энрике де Кастроны жұмыстан шығарғаны үшін төленетін өтемақы америкалық корпорациялардың тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болып қалмақ,

деп жазады Forbes.

Басылымда атап көрсетілгенде, Энрике де Кастроның Yahoo! компаниясынан жұмыстан кеткендігі үшін төленетін өтемақы 109 миллион долларды құраған. Бұл соманы менеджердің компанияда жұмыс істеген күндеріне бөлгенде тәулігіне 244 000 долларды құрап отыр. Ал Yahoo!-да Энрике де Кастроға төлейтін өтемақы туралы ақпаратты ресми түрде жариялаған жоқ.