Айта кетейiк, бұның алдында оны World Boxing News американдық порталының оқырмандары үздік деп таныған болатын. WBA/IBF/WBC Interim нұсқалары бойынша орта салмақтағы әйгілі чемпион, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге 4 мыңнан астам адамның 75%-ы дауыс берген едi. Ал WBA/WBO/IBF/IBO нұсқалары бойынша аса ауыр салмақтағы чемпион Владимир Кличко жалпы дауыстар санының 10%-ын жиып, екінші орынға ие болды. WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпион Мэнни Пакьяо 4% дауыспен үздіктер үштігін тұйықтаған.
Сондай-ақ Головкиннің Польшада «Жыл боксшысы» атанғанын да айта кеткен жөн.