Якутия әлемде ең суық аймақтар рейтингінде бірінші орынға шықты
Ресей Гидрометорталығының мәліметіне сәйкес, соңғы тәулікте Жер бетіндегі ең төменгі температуралар Саха Республикасында (Якутия) тіркелді: Покровск қаласы, Сухана метеостанциясы және Крест-Хальджай ауылы, деп хабарлайды ТАСС.
— Әлемдік көшбасшысы — Покровск, мұнда метеостанция −51,7 градус аяз тіркеген. Екінші орынға республиканың Оленек ауданындағы Сухана метеостанциясы шықты, температура −49,4 градус болды. Үшінші орын якутиялық Крест-Хальджай ауылына тиесілі — онда аяз −48,7 градусқа жетті, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, гидрометорталық мәліметінше, ең ыстық орын рейтингінде екі сыйлық Аустралияға, біреуі Оңтүстік Африка Республикасына бұйырған.
— Аустралияның батысындағы Телфер қаласында ауа температурасы +44,1 градусқа дейін жетті, Сидней әуежайында термометр бағаналары +42,6 градусқа көтерілді, ал Оңтүстік Африкадағы Апингтон метеостанциясы +39,2 градус тіркеді, — деді агенттік өкілі.
Синоптиктер Мәскеу облысының метеорологиялық көрсеткіштеріне де назар аударды. Ең жылы күн Черусти кентінде тіркелген, ауа температурасы +1,6 градус болды. Ал Каширада өткен түн аймақ бойынша ең суық болып, термометр бағанасы −3,2 градусқа түскен.
Айта кетелік елімізде 16 облыста ауа райы бойынша ескерту жарияланды.