«Якутияның Хангаласк ауданы аумағынан 15 тамызда көмілген адам мүрдесі табылды. Ол қандай да бір табытқа салынып жерленбеген. Археологияда мұндай жерлеу палеолит дәуірінен белгілі», - деп атап өтті ол. - Дегенмен қай кезеңге тән екендігін әзірге айтуға ерте - нақты деректер антропологиялық және радиокөміртекті зерттеуден кейін ғана белгілі болады. Жерленген адамның кеудесінен ғалымдар таттың орнын тапты, оның темір болуы мүмкін. «Бұл типологиялық зерттеуден кейін анықталатын болады», - деді Бравина.
22:48, 18 Тамыз 2014
Якутияда ежелгі заманғы қорым табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар Якутиядан ежелгі заманғы қорымды тапты. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор, СО РҒА Гуманитарлық зерттеу институтының секторлық археологиясының меңгерушісі Розалия Бравина хабарлады.