Якутияда Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады, экипаждың 11 мүшесі қаза тапты

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Якутияда РФ Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскеріне қарасты Ил-76 ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 351-ші бабында қарастырылған қылмыстың белгілері - ұшу немесе оған дайындық ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

 Якутия  прокуратурасының  тергеу  басқармасынан  хабарлағандай,   Ил-76 ұшағы   құлаған   жерде,    Мирный  әуежайының   ұшу  алаңынан 2,5 шақырымдай  қашықтықта   тергеушілер «қара жәшіктерді»  тауып    отыр.    Жедел тергеу  тобы  оқиға орнында    жұмысын   жалғастыруда.  Апат    қарашаның 1-і күні   таңертең  әуежайдан  2,5 шақырымдай    жерде  болған.   Оқиға салдарынан  борттағы барлық   11   адам -   негізгі экипаждың 7 мүшесі мен    қосымша экипаждың   төрт  мүшесі  опат болды.

 Ил-76 экипажы  Мирныйға    жүк жеткізген және   Солтүстік-Кавказ  аймағындағы  ішкі істер органдарының  жеке құрамын  ауыстыру үшін  жоспарлы ұшуды іске асыруы  керек  болатын.  Апат    ұшақ Мирныйдан    көтерілген    кезде  орын алды.