Атап айтқанда, 2013 жылғы 15 қаңтардан бастап қасқырлармен күрес бойынша аймақта үш айлық жарияланады. Бейіндік министрліктер мен ведомстволарға мамандандырылған қасқыр аулаушылар бригадасын құрып, оларды аңшылықты ойдағыдай атқаруға қажетті нәрселердің бәрімен қамтамасыз ету тапсырылды. Әрбір қасқыр терісі үшін сыйақыдан басқа таңдаулы аңшылар үшін үш арнайы сыйлық тағайындалды.
Якутияда аңшылық маусым жыл бойы жүргізмек. Аталған шешім қасқырлардың оңтайлы саны 500 басқа жеткізілгеннен кейін тоқтатылады.
Қазіргі кезде Якутияда қасқырлар саны 3,5 мыңға жетті, ал ғалымдардың есептері бойынша, олардың оңтайлы саны 500-ден аспауы тиіс.
Якутия ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, қасқырлардың кесірінен 313 мың жылқы және 16,1 мың үй бұғылары шығын болды. Мамандардың айтуынша, қасқырлар өсіп-өнетін жерлерде азық қорлары тапшы болғандықтан олар таулы-тайга аудандарынан республиканың орталық аймақтарына, бұғылар жайылымына үдере көшкен.