Якутияда көлік ұрлаған мас жігіт ішіндегі әйелді байқамаған

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Якутияда коммерсант ішінде көлік қожайынының жұбайы отырған автомобильді айдап кеткен, деп хабарлайды РБК.

Жергілікті ішкі істер органдарына ер адам хабарласып, белгісіз біреу оның Toyota автокөлігін ұрлап кеткенін айтқан. Көлік ішінде оның жұбайы отырған.

Он минуттан соң, полицейлер әлгі көліктің артына қуғынға түседі. Бірақ көлік ұрлаушы тоқтаудың орнына жылдамдығын үдете берген. Үш минут қуғыннан кейін қылмыскер ұсталды. Оның алкогольдік ішімдікке тойып алғаны белгілі болды.

Полицияға алып келген соң, оның 36 жастағы коммерциялық ұйым директоры екені анықталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.