«2015 жылғы 31 қазанда кешке Ресей ТЖМ-нің Саха (Якутия) Республикасы бойынша бас басқармасының дағдарыс жағдайларындағы басқару орталығына Оленек ауданындағы Оленек елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 220 шақырым жерде «Птенец-2» жекеменшік жеңіл ұшағында SPOT әуе кемесін анықтау жүйесінің іске қосылғаны туралы хабарлама келіп түскен», делінген РФ ТЖМ аймақтық бас комитетінің хабарламасында.
Ұшақ рейсті маралдарға мониторинг жүргізіп, олардың санын анықтау мақсатымен орындаған, оның бортында екі адам болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ мәжбүрлі түрде қонған, ұшқыш SPOT жүйесін қолымен қосқан. 1 қараша күні таңертең іздеу жұмыстарын жүргізу үшін Оленек ауданына Мирнинский өрт-құтқару гарнизонының жедел тобы мінген Ми-8 тікұшағы ұшып шықты.