Бұл туралы аймақ бойынша РФ ТЖМ бас басқармасына сілтеме жасай отырып РБК агенттігі жазады.
Аталып өтілгендей, оқиға кеше кешке болған. Автокөлік Усть-Алдан ауданы Бетте ауылындағы Илин Хабыя көлінің шетімен келе жатқан. Жолды қысқартпақ болған жүргізуші көлмен жүріп кеткен, жағадан 500 метр алыстаған кезде көлік мұзға батып кетеді. Автокөлікте барлығы 7 адам болған, оның бесеуі өз күштерімен жағаға шыққан.