Якутияда жоғалып кеткен ұшақ табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияда жоғалып кеткен жекеменшік ұшақ табылды, бір жолаушы зардап шекті.

Якутияның Оленек ауданында кеше кешке жоғалып кеткен жекеменшік ұшақтың ұшқышы маралдар жайылымының мониторингі жүргізу кезінде қаза тауып, бортта болған жолаушы зардап шеккен. Олар Оленек ауданының Оленек кентіне жеткізілді, деп хабарлайды ТАСС. Жекеменшік әуе кемесі Краснояр өлкесінен жабайы маралдардың миграциясына байланысты үш апта бойы Оленек ауданындағы маралдар жайылымын әуеден қарап жүрді. Ұшақ экипажының міндеттеріне үй маралдарын қорғау және санау кірген.