Украинформ хабарлағандай, отырысқа Украина, Ресей, Беларус, Армения, Өзбекстан, Қазақстан, Молдова, Тәжікстан, Әзірбайжан және Қырғызстан кедендік әкімшіліктерінің басшылары қатысады.
Отырыста ТМД мемлекеттері кедендік қызметін дамыту және өзара іс-қимылын тереңдету, сондай-ақ кеден саласындағы халықаралық заңнамаларды сәйкестендіру мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.
Талқыға түсетін басқа да тақырыптар арасында - ақпараттық ынтымақтастықтың нәтижелері, сондай-ақ сыртқы сауда статистикалық мәліметтерімен алмасу; ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы кедендік қызметтің аудит саласы бойынша ақпарат алмасуды реттеу жұмыстары бар. Кездесу барысында бірқатар екіжақты шарттарға қол қойылады деп жоспарланған.