Бұл шұңқыр қалай, қайдан пайда болғаны жайлы дерек жоқ. Бірақ жорамал жасаушылар әңгімені сан-саққа жүгіртіп отыр: атом бомбасы жарылған соң пайда болған, метеорид құлаған немесе жатпланеталықтар шабуыл жасаған, деп жазады rosbalt.ru.
Бұл видеоның авторы адамдар шұңқырдың жан-жағындағы жасыл желекті бір көргенде даланың шөбі деп қалулары мүмкіндігін, бірақ ол шөп емес, орман екендігін айтады. Осыдан-ақ тегіс жерде пайда болған бұл түпсіз шұңқырдың қаншалықты үлкен екенін болжай берсе болады.
Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың түбінде әлдене сарқырап ағып жатқан көрінеді және олар оның шуылынан құлақ тұнатынын жеткізеді.