Бұл туралы өлке басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
"Өлген жануарлардан алынған сынамаларға жасалған сараптама маралдардың қырылу себебін көрсетті. Ямал-Ненец автономиялық өлкесінің ветеринария қызметі маралдардың бір бөлігі түйнеме салдарынан қырылғанын растады. Округ губернаторы Дмитрий Кобылкин 25 шілдеде Ямал ауданында карантин режимін енгізді", - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Ямалда мыңдаған маралдың қырылғаны мәлімделген болатын, деп жазды ТАСС.