Ямайкалық спортшы 50 метрлікке брасс әдісімен жүзуден әлем рекордын жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямайкалық Алиа Аткинсон Будапеште өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде брасс әдісімен 50 метрлік қашықтыққа жүзуден әлемдік рекорд орнатып, бірінші орын алды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Спортшы қыздың көрсеткіші -28,56 секунд. Бір қызығы, мұның алдындағы 2016 жылғы рекордтың да (28,64)  иесі осы бойжеткен болған еді.

Екінші орынды ресейлік  Юлия Ефимова (29,22) еншіледі, ал мәреге америкалық Молли Ханнис үшінші болып (29,51) жетті.