Яна Легкодимова ісі: Апелляциялық сот отырысы 24 ақпанда өтеді
12:36, 04 Ақпан 2026
АТЫРАУ.KAZINFORM — Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Яна Легкодимованың өліміне кінәлілердің аппеляциялық шағымы 24 ақпан сағат 15:00–де қаралатынын растады.
Шағымды Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы қарайды.
Апелляциялық материалдар 2026 жылғы 26 қаңтарында облыстық сотқа түскен.
Өткен жылдың желтоқсан айында Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына Яна Легкодимованың өліміне кінәлі деп танылған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовтың адвокаттарынан апелляциялық шағым түсірген еді.
Бұған дейін сот оларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған еді.
Екі сотталушының 24 ақпан күні болатын отырысқа өздері келетіні немесе онлайн қатысатыны әзірге белгісіз.